Skip to Content

Біздегі Басшылар командасымен танысыңыз
 



Олардың әрқайсысы NORSEC NORSEC компаниясының тұрақты табысқа жетуіне жәрдемдесетін тәжірибенің, құштарлықтың және пайымның бірегей үйлесімін қамтамасыз етеді

Серік Өткелбаев

Бас директор

Мансабы қаржы мен ұйымдарды басқаруға деген құштарлығымен анықталатын серпінді көшбасшы. Компанияларды жетістік пен өркендеуге жетелеу және бағыттау бойынша үлкен тәжірибесі бар. Оның басшылық етуі NORSEC компаниясын дамытуға, тиімділігін арттыруға және нәтижелерін барынша арттыруға деген ұмтылыспен ерекшеленеді.

Қуаныш Иманғали

Коммерциялық директор

Мансабы техникалық сараптама мен коммерциялық тұрғыда ойлаудың үйлесімі арқылы қалыптасқан көрнекті көшбасшы. Желілік және IT-технологиялар саласындағы мықты тәжірибесімен ол NORSEC командасына кең ауқымды білім әкеле отырып, инновациялық шешімдер мен стратегиялық бастамаларды ілгері жылжытуда. Өркендеу мен табыстылықты қамтамасыз ету үшін техникалық мүмкіндіктерді бизнес-мақсаттармен сәйкестендіруге баса назар аударылады.

Ғалымжан Әділов

Бизнесті дамыту жөніндегі директор

Басқару мен қызмет көрсетуді терең түсінетін стратегиялық ойшыл. Бизнестің дамуын ілгерілетеді және стратегиялық серіктестікті нығайтады. Өсу мүмкіндіктерін анықтайды және инновациялық шешімдерді енгізеді. Оның басшылық ету стилі кемелдікке тынымсыз ұмтылумен сипатталады және бұл – компанияны табыстың жаңа белестеріне және нарықтағы көшбасшылыққа жетелейді.

Еркін Ерниязов

Атқарушы директор

Әкімшілік қызметтер мен сату бойынша бай тәжірибесі бар керемет операциялық менеджер және ұйымды жетістікке жеткізуге шын берілген серпінді көшбасшы. Бизнестің әкімшілік функцияларын терең түсінеді және NORSEC компаниясының процестерін барынша оңтайландыру қабілетін иемденеді. Оның басшылық ету стилі кемелдікке шын берілуімен ерекшеленеді және бұл – командамызды барынша оңтайлы нәтижелерге және тұрақты өсуге қол жеткізуге бағыттайды.

Жігер Хасанов

Техникалық директор

NORSEC командасына озық шешімдерді қабылдауға және серпінді цифрлық ортада бір қадам алда болуға мүмкіндік бере отырып, технологиялық үстемдік мәдениетін дамытатын ілгерішіл көшбасшы. Ол инновацияларға әуес, IT-трендтерді терең түсінеді және NORSEC-тің технологиялық пайымын ілгері жылжытады. Ол технологиялық шешімдер мен қызметтерді клиенттеріміздің бизнес-мақсаттарымен үздіксіз ықпалдастыруды қамтамасыз етеді.

Жансерік Кеңес

NorsecTech директоры

DevOps-тегі бағдарламалық инженерия, бағдарламалау және техникалық сараптау саласында берік базасы бар бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу бөлімінің инновациялық көшбасшысы. Ол күтілген үмітті асыра ақтайтын жоғары сапалы бағдарламалық шешімдер әзірлеуді ұйымдастырады. Оның терең техникалық білімі мен DevOps қағидаттарын қолданудағы шеберлігі NORSEC компаниясы мен клиенттеріміз үшін маңызды шешімдерді ұсына отырып әзірлеу процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Cерік Ермағамбетов

Norsec Automation директоры

Ол біздің өнеркәсіптік автоматтандыру бөлімін басқарады және SCADA, технологиялық процестерді басқару және өнеркәсіптік технологиялар мен шешімдер саласындағы тәжірибені иемденеді. Өндірістік процестерді автоматтандыру технологияларын үздіксіз енгізу мен ықпалдастыруды қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестерді оңтайландырады. Өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы кәсіпқой ретінде ол өндірісті және процестерді басқару жүйелеріндегі трансформациялық жақсартуларды бағыттай отырып ,клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға күш салады.

Дәулен Ерғалиев

Norsec Security директоры

CCTV, ақылды үйлер, қол жеткізуді бақылау және қауіпсіздік жүйелері саласында үлкен тәжірибені иемденеді және клиенттеріміздің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету ісіне берілген. Технологиялық жаңалықтарға баса назар аударумен біздегі қауіпсіздік бөлімін дәлдікпен және жаңашылдықпен басқара отырып, клиенттеріміздің активтерін қорғау үшін үздік технологиялық шешімдерді енгізеді.

Бақтияр Зәкіров

АКТ сервистері басшысы

18 жылдық жұмыс өтілі бар АКТ сервистері басшысы, халықаралық аккредитациядан өткен сертификатталған жоба менеджері. Бүкіл кезең бойына басшылық лауазымдарда мұнай-газ саласы мен банк саласындағы көптеген жобаларды ойдағыдай жүзеге асыра отырып, ерекше басқару машықтары мен стратегиялық ойлау қабілетін көрсете алды. NORSEC компаниясының сыпайы қызметкері, ол айналасындағыларға құрметпен қарайды және Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялардың дамуына үлес қосуға тырысады.

Бекзат Мусин

Service Delivery Manager

Мусин Бекзат — IT қызметтерін басқару, БЖ және инфрақұрылымдық шешімдерді әзірлеу саласында 15 жылдан астам өтілі бар IT саласындағы тәжірибелі маман. Ол көрнекті көшбасшылық қасиеттерге ие, командаларды ойдағыдай басқарады, стратегиялық тұрғыдан ойлайды және мәселелерді тиімді шешеді. Бекзат Microsoft, SQL Server, VmWare және SAFe Scrum Master бағдарламаларында сертификатталған. Сондай-ақ, ол әріптестерімен және клиенттермен сенімді қарым-қатынас орнату машықтарына ие және бұл – өнімді жұмыс пен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.

Арамыздағы ынтымақтастықты бүгіннен бастаңыз

NORSEC кеңес беру мен жобаларды жеткізуден бастап, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге және АТ қолдау бойынша білікті қызметтерге дейін – АТ қызметтерінің толық циклін ұсынады. Біз зияттық АТ-шешімдер арқылы бизнесіңіздің тиімділігін, икемділігін және тұрақтылығын жақсартуға талпынамыз.


 Бізбен хабарласыңыз